Almaty Open 2026

Dostyk Plaza-да матчтардың тікелей трансляциясы мен теннистен шеберлік сабақтары

15.10.2026

news image

Қала орталығындағы үлкен теннис атмосферасы

Тамашалаңыз. Демалыңыз. Ойнаңыз.

17–25 қазан аралығында Алматыда ATP 250 санатындағы Almaty Open халықаралық теннис турнирі өтеді. Турнир аясында Dostyk Plaza-да матчтардың ашық көрсетілімдері мен кәсіби жаттықтырушылар өткізетін теннистен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Бізге қосылып, теннис мерекесінің бір бөлігі болыңыз!

Ашық аспан астындағы матчтардың тікелей көрсетілімдері

Almaty Open ойыншыларына жанкүйер болып, матчтарды ашық аспан астындағы үлкен экраннан тамашалаңыз және өзге жанкүйерлермен бірге үлкен теннистің қызығын сезініңіз. Көрсетілімдердің уақытын турнирдің ресми кестесінен қараңыз.

КЕСТЕНІ ҚАРАУ →

Теннис корты: кәсіби жаттықтырушылармен шеберлік сабақтары

Кортқа шығып, теннисте өз күшіңізді сынап көріңіз! Dostyk Plaza кортында сіздерді кәсіби жаттықтырушылармен жаттығулар мен шеберлік сабақтары күтеді. Бұл — тенниспен танысып, өзіңізді Almaty Open турнирінің бір бөлігі ретінде сезінудің тамаша мүмкіндігі.

Шеберлік сабақтарының кестесі:

16 қазан — 17:00–19:00
17 қазан — 12:00–14:00 және 16:00–18:00
18 қазан — 12:00–14:00 және 16:00–18:00
21 қазан — 17:00–19:00
24 қазан — 12:00–14:00 және 16:00–18:00
25 қазан — 12:00–14:00

Кіру тегін

Өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдап, достарыңызбен Dostyk Plaza-ға келіңіз және Almaty Open-мен бірге үлкен теннис әлемін ашыңыз!


Жоғары